«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік саясат және дін саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарманың миссиясы: елорданың этникааралық және конфессияаралық келісім саласындағы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға, елорда тұрғындарының әлеуметтік оңтайлы көңіл-күйін қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын қолдау мен дамытуға, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттігін арттыруға, Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестіктерімен өзара iс-қимыл және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру және конфессияаралық келісімді нығайту, бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру.

Солай-да, Басқарманың қызметі шеңберіне келесі сұрақтар кіреді:

  • қоғамдық-саяси және әлеуметтік қатынастар, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар, тіл саясаты, туризм және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаcында жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдарының бірыңғай стратегиясын және келісілген өзара іс-қимылын қалыптастыру;
  • cаяси партиялар және қоғамдық-саяси ұйымдармен азаматтық құру аясында тығыз қарым-қатынас орнату;
  • мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің (бұдан әрі – әкім) казақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін сақтауға, Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын сақтауға бағытталған саяси бағытын жүзеге асыру;
  • елорданың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы, мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қызметі туралы қоғамдық пікірлерге мониторинг;
  • «Қазақстан-2050» стратегиясы, Бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын және Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да стратегиялық құжаттарының іске асырылуын идеологиялық қамтамасыз ету;
  • жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік басқару жүйесінің іске асырылуына жағдай жасау;
  • діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz