2921

Елордалық еріктілер ардагерлерге тегін азық-түлік таратты

«Астана жастары» мемлекеттік мекемесінің еріктілері жаңа жыл қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Астана жастары» ЖРО Еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің жетекшісі Эльвира Есмұқанова бүгінгі шара аясында 11 ардагерге азық-түлік себеті таратылғанын атап өтті.

«Жаңа жыл қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» және «Адреса заботы» акцияларын өткізуді жөн көрдік. Бұл акцияны біз 3 жыл бойы тұрақты ұйымдастырып келеміз. Шара аясында еріктілер жалғыз басты немесе қараусыз қалған қарт ардагерлерге азық-түлік таратамыз және қыстыгүні аула қарын тазалауға көмектеміз. Бүгін біз 11 ардагерге азық-түлік себетін сыйға тартудамыз. Олардың арасында аз қамтылған және тыл ардагерлері бар. Және бүгінгі шараға 10 волонтер белсене қатысуда. Жалпы жыл басынан азық-түлік тарату жұмысына 200-ге дейін волонтер қатысты», - деді ол.

Бөлім жетекшісінің айтуынша, жалпы биылдыққа 145 азық-түлік себеті аз қамтылған, тыл ардагерлері және көпбалалы отбасыларға таратылды.

«Бізде қалалық ардагерлер кеңесі бар, біз олармен тығыз байланыстамыз. Яғни аталған кеңес бізге көмекке мұқтаж жандардың тізімін береді, біз өз кезегімізде оларға қол ұшын созамыз. Яғни біреуге азық-түлік алып берсек, екіншісіне үй ауласындағы қарды тазалауға көмектесеміз. Біз негізінен қар тазалау жұмысымен наурыз айында айналысатынбыз. Дегенмен, қар көп түсіп жатқандықтан жұмыс көлемін азайту үшін осы бастан кірістік. Қар тазалау жұмысына қыс бойы 600-700 еріктіні тартамыз», - деді ол.

Бөлім басшысының мәлімдеуінше, бір күнде еріктілер 2-ден 10-ға дейінгі үйдің қарын тазалайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109