2667

Нұр-Сұлтанда «Бір әлем – бір өмір» халықаралық жастар балы өтті

Елордада «Бір әлем – бір өмір» (One world – one life) атты халықаралық жастар балы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Жастар жылында атқарылған жобаларды атап өтті.

«Биыл мемлекет тарапынан жастарға жоғары деңгейде көңіл бөлінді. Олардың білім алуына, жұмыс істеуіне, өзін дамытуына арналған жобалар жүзеге асырылуда. Әкімдіктің ұйытқы болуымен жастар жылының жол картасы бойынша 136 жоба аясында 600-ден астам іс-шара өткізілді. Бүгінгі балл – Нұр-Сұлтан қаласы жастарының барша санатын бір әуен, бір идея аясына жинайтын, жастарымыз асыға күтетін жылдың қорытынды шараларының бірі. Биыл жастар балы әлемнің 9 мемлекетінің белсенді жастарының қатысуымен халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, әкім орынбасары Тәуелсіздік күніне қарсы жастарға пәтер табысталғанын да тілге тиек етті.

«14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы іске асырылды. Оның нәтижесі бойынша қаланың жұмыс істейтін жастарына 1050 пәтер табысталды», - деді Б. Мәкен.

 

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, биылғы қайырымдылық балл халықаралық деңгейде өтуде, яғни оған Ресей, Қытай, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Индонезия және Венесуэла елінің өкілдері қатысып жатыр.

Кеш барысында көпшілік назарына бидің бірнеше түрі ұсынылды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109